5 қазан «Ұстаздар күні» мерекесіне орай бөбекжайымызда «Ұстаз-ұлы тұлға» атты іс-шара өтті. «Сандуғаш», «Қыран» тобы тәрбиеленушілері ұстаздар мерекесі күніне ән, өлең жолдарын арнап, педагогтар өз өнерлерін ортаға салып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шара барысында ұстаздарға жылы лебіздер айтылып, гүл шоқтары табысталды, сонымен қатар аудандық кәсіподақ ұйымының грамотасымен марапатталды.
Барша ұстаздарға еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және әр күндеріңізге қуаныш тілейміз!